RU
Бостондағы теракт: АҚШ-та Диас Қадырбаев бостандыққа шықты
Жаңалықтар Қоғам

Бостондағы теракт: АҚШ-та Диас Қадырбаев бостандыққа шықты

Рассказать Вконтакте

Бостонда теракт ұйымдастырды деп айыпталған ағайынды Царнаевтардың ісіне іліккен қазақстандық бостандыққа шықты. Диас Қадырбаев жақында АҚШ-тан Қазақстанға келеді деп хабарлайды Риа Новости сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: time.kz

Фото: time.kz

Бостонда ұйымдастырылған теракт ісіне іліккен отандасымыз алты жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Қазақстандық студент Техас штатындағы федералды түрмесінде жазасын өтеген еді.

Қазіргі уақытта 24 жастағы Қазақстан азаматы АҚШ-тың иммиграциялық және шекаралық бақылау қызметінің юрисдикциясы бойынша "кезекті жер аудару"үшін түрмеден ауыстырылды. Оның виза мерзімі аяқталған екен.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Бостон терактін тексеру барысында сотталған отандасымыз мерзімінен бұрын босап шығатыны айтылған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
1
1
2
6
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel