RU
Өгей әкесі бір айлық сәбиінің қабырғаларын сындырып тастады
Жаңалықтар Әлемде

Өгей әкесі бір айлық сәбиінің қабырғаларын сындырып тастады

Рассказать Вконтакте

Бір айлық сәбидің қабырғаларын сындырған өгей әкесі бұрын да сотталған болып шықты. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: life.ru

Фото: life.ru

Дәрігерлер нәрестенің сынған қабырғалары мен оң жақ жамбас сүйегінің, асықты жілік сүйегі мен қолы сынғанын көрген.

Осыдан кейін Джонатан Бикхемге балаларға көрсеткен қатігездігіне байланысты іс қозғалыпты.

Алғашында полицейлер Джонатан мен сәбидің анасының арасындағы ұрысқа бола келген. Азамат Мичигандағы үінің қасында есірткі сатып алаыйын деп тұрғанда, өз қызына пышақпен қоқан-лоққы көрсеткен екен.

Ал Джонатан баланың бұл жағдайы байқамай болмағанын айтты. Ол сәбиді көтерген кезде, балақай дем ала алмай қалғанын жеткізді.

Өгей әкенің сөзінше, ол баланың оң жағынан бір шертпек сияқты дыбыс естіген. Сондай-ақ, ол ұйықтап жатып бұрылғанда балаға шынтағы тиіп кетіпті.

Джонатан осыған дейін де абақтыда отырып шыққан.. 2007 жылы ол үш жеткіншек қаза тапқан жол апатында кінәлі болған екен.

Жәбірленген сәбиді балаларды қорғау қызметі алып кеткен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
3
0
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel