Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ең бақытты ерлі-зайыптылардың не үшін ажырасатынын білесіз бе?

Опубликовано:

Психологтар ең бақытты отбасын да ойрандайтын әдеттердің тізімін жариялады. Бұл туралы woman.rambler.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Depositphotos / CandyBoxImages
Фото: Depositphotos / CandyBoxImages: UGC

Бақытты өмір сүріп жүрген ерлі-зайыптылардың бір-бірінен көңілі суып, ажырасып кетуіне әсер ететін бірнеше себеп бар екен.

1. Бір-бірімен ашық сөйлесе алмауы

Ажырасудың алғашқы себебі ерлі-зайыптылардың отбасылық өмір туралы ашық сөйлесе алмауы болып табылады. Көптеген жұптар некелерін қиған соң ара-қатынастары туралы әңгіме айтудың қажеті жоқ деп есептейді екен.

2. Отбасыдан бөлек ешкіммен сөйлеспеу

Ерлі-зайыптылар отбасыдан бөлек сөйлесетін достары мен туыстарын ұмытпауы керек. Өйткені, жанұя мүшелерінде кез келген сәтте көмектесетін, қиналғанда қол ұшын созатын адамның болғаны абзал.

3. Бір-бірінен жасыратын құпияның көп болуы

Үйленген соң ғашықтардың бір-бірінен жасыратын дүниелері көп болмау керек. Ортақ шешім қабылдайтын жанұяда әрдайым түсіністік пен сыйластық бірінші орында тұру қажет.

4. Ұсақ-түйекке мән бермеу

Отбасылы өмірде ер азамат пен әйелдің жіберетін басты қателігі осы. Олар некелерін қиған соң күйбең тіршілікпен ұсақ-түйектерді, яғни, бірге қыдыруды, бос уақытты жеке өткізуді ұмыта бастайды. Бұл жұбайлардың ара-қатынасына теріс әсерін тигізеді екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1750202-e-bakytty-erli-zajyptylardy-ne-sin-azyrasatynyn-bilesiz-be/

pixel