RU
Азиада-2018: Қазақстан қоржынына 10-шы алтын медаль түсті
Жаңалықтар Спорт

Азиада-2018: Қазақстан қоржынына 10-шы алтын медаль түсті

Рассказать Вконтакте

Азиада ойындарында Қазақстан спортшылары 10-шы алтын медальға қол жеткізді. Бұл жеңісті отанымызға дзюдошы Дидар Хамза сыйлады деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Фото: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Жерлесіміз Дидар Хамза 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Ол финалда ирандық дзюдошы Саид Моллаимен кездесіп, соңғы сәтте шидо саны бойынша жеңіске жеткен.

Дидар алғашқы кездесуде тай спортшысы Терада Масаюкиді ваззари әдісімен, кейін соңғол Ууганбаатар Отгонбаатарды иппонмен жеңген. Ал жартылай финалда жапониялық Такеши Сасакиді таза жеңіспен жолда қалдырған екен.

Қазір Қазақстан құрамасы 10 алтын 11 күміс 35 қола медальмен жалпы есепте 10-орында тұр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
1
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel