RU
Мексикада жергілікті арна журналисін атып кетті
Жаңалықтар Әлемде

Мексикада жергілікті арна журналисін атып кетті

Рассказать Вконтакте

Мексиканың Canal 10 телеарнасының операторы Хавьер Родригесті Канкун курортты қаласында атып кетті. Бұл туралы оның әріптестері Twitter желісінде бөлісті деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Біз жаңалықтар бөлімінің мүшесі болған, операторымыз Хавьер Родригес Валладаресті жоғалтып алдық. Оның жанұясы мен достарына қайғырып көңіл айтамыз" , -деп жазылған Canal 10 арнасының жазбасында.

Мәлімет бойынша, Хавьер Родригес пен есімі белгісіз тағы бір азамат жалдамалы қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан. Бұл істің тергеуімен жергілікті полиция айналысып жатыр.

Айта кетейік, Хавьер Родригес соңғы екі айда Кинтана-Роо-да өлтірілген үшінші, жыл басынан бері Мексикада өлтірілген жетінші журналист.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel