RU
Ауа райы болжамы: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, жел және тұман күтіледі
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы болжамы: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Рассказать Вконтакте

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың солтүстік, орталық және шығысында жаңбыр жауып, жел тұрады, бұршақ жаууы мүмкін деп хабарлайды Қазгидомет.

Ауа райы болжамы: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Ауа райы болжамы: Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр, жел және тұман күтіледі

Солтүстік Қазақстан облысында жел тұрып, кей жерлерде екпіні 25 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнайды, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, бұршақ түсуі мүмкін, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз желдің күші 15-20 м/с жетуі ықтимал. Қостанай, түнде Алматы облыстарының  кей жерлерінде найзағай, Қостанай облысында желдің күші 15-20 м/с.

Түркістан, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарында кей жерлерде жел 15-23 м/с күшейіп, шаңды дауылға ұласады. Жамбыл облысында кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel