RU
СҚО-да қала әкімі дәрігерлерді қызметтік үйінен қуып, ақша талап етуде
Жаңалықтар Қоғам

СҚО-да қала әкімі дәрігерлерді қызметтік үйінен қуып, ақша талап етуде

Рассказать Вконтакте

Солтүстік Қазақстан облысында Мамлютка қаласының әкімі кезінде ауданға арнайы шақыртумен келген мамандарды сотқа беріп, тұрған жылдарына жалға алу ақысын төлеп, баспананы босатуды талап етіп отыр. Бірақ ақ халатты абзал жандар онымен келіспейді деп хабарлайды 24.kz.

иявмвм

Фото: 24.kz

Крестина Белоусько –  2010 жылы Мамлютка қаласында қызметтік үй алған жас мамандардың бірі. Ол осында тұрмыс құрып, 3 баланың анасы атанды. Енді шенеуніктер кезінде өздері шақырған дәрігерді сотқа беріп отыр.

"Тамыздың тоғызы мені сотқа шақырды. Онда маған үйді босатып, әкімдікке 4 жыл үшін 514 мың теңге төлеу туралы айтылды. Бір қызығы, біз ешқандай да келісім шартқа қол қойған емеспіз", – дейді Крестина Белоусько.

Қазір Крестинамен бірге жанұялы тағы 3 дәрігер соттан сотқа сабылып жүр. Ақ халаттылардың айтуынша, олармен ешқандай келісім шарт жасалмаған.

Енді шенеуніктер қызметтік үйді босатып, жалға алу ақысын төлеуді талап етіп отыр.

"Маған қатысты сенбі соттың соңғы шешімі шықты. Қазір қызметтік үйді босатып, пәтер жалдадым. Енді тұрған 3 жылдың ақысын төлеуім керек. Төлемеймін. Аппеляцияға беремін", –  дейді дәрігер Василий Поляков.

Дәрігерлерді сотқа берген қала әкімі – Серік Бәкеев. Оның айтуынша, бұл үйлер әкімдіктің меншігінде. Сондықтан онда мемлекеттік қызметкерлер ғана тұруы тиіс. Заң солай екен.

Бұл үйлер аудандық аурухананың меншігіне өтсе ғана, дәрігерлер далада қалмайды. Бірақ оған ешкім де сенбейді. Себебі, денсаулық сақтау басқармасы бұған дейін де баспаналарды қабылдамай қойған көрінеді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
1
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel