RU
Денисті өлтіргендерді жақтаған мұғалімнің ісіне қатысты жаңа дерек шықты
Жаңалықтар Қоғам

Денисті өлтіргендерді жақтаған мұғалімнің ісіне қатысты жаңа дерек шықты

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді өлтіргендерді жақтап, әлеуметтік желіде жазба жариялаған мұғалім жұмыстан шеттетілді, ол сотқа дайындалып жатыр.

Денисті өлтіргендерді жақтаған мұғалімнің ісіне қатысты жаңа дерек шықты

Шерхан Байзенов. Скриншот: видео

Sputnik тілшісіне аудандық білім бөлімінен хабарлағандай, 25 жастағы Шерхан Байзенов адвокат жалдаған. 

"Тергеу әлі аяқталған жоқ. Байзенов адвокат жалдады, ол сотқа дайындалып жатыр", — деді Зеленов аудандық білім бөлімінің жетекшісі Серік Сафиуллин.

Оның айтуынша, Байзенов 13 тамызға дейін еңбек демалысында болған.

Ол демалыстан шыққан күні сотқа дейінгі тергеу және сот кезіндегі уақытқа жұмыстан шеттетілді. 

Жұмыстан шеттету туралы бұйрықты мектеп директоры еңбек кодексінің 48-бабы негізінде шығарған. 

Сафиуллин атап өткендей, Шерхан Байзенов 1 қыркүйекте де жұмысқа шықпайды. 

Естеріңізге сала кетсек, Шерхан Байзенов 20 шілде күні Instagram желісіндегі жазбасында Денис Теннің суретін жариялап, "сол қытайды өлтірген" қылмыскерлерді жақтап сөйлеген еді.

Әлеуметтік желі қолданушыларының толассыз шағымынан кейін полицейлер мұғалімді ұстап, қылмыстық кодекстің 174-бабы 1-тармағы "Әлеуметтік, ұлттық, тектік, нәсілдік немесе діни алауыздық тудыру" бойынша іс қозғады.

Кейін күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған. Ұсталғаннан кейін Байзенов қазақстандықтардан кешірім сұрап, видеоүндеу түсірді. 

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
7
3
0
9
2
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel