RU
Төреші нокаутқа түскен ММА файтерін "тұншықтырып" жіберді
Жаңалықтар Әлемде

Төреші нокаутқа түскен ММА файтерін "тұншықтырып" жіберді

Рассказать Вконтакте

"Крым Rush. Прощай оружие" аралас жекпе-жек турнирінде төреші Армен Ананян жекпе-жек өткізу шеберлігін көрсетуге мәжбүр болды деп хабарлайды Vesti.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Оқиға он секундқа созылған Ренат Лятифов пен хорват Карло Капут арасындағы кездесу кезінде болды.

Хорват спортшысы бір соққымен қарсыласын нокаутқа түсіріп, соққы беруін одан әрі жалғастырған. Сол сәтте төреші екеуін ажыратып, жекпе-жекті тоқтатты.

Алайда Лятифов кездесудің аяқталғанын мойындамай, жекпе-жекті жалғастыруға тырысқан. Нәтижесінде ол есін жиюға көмектескен төрешіге шабуылдады.

Ал төреші Ананян "гильотина" тұншықтыру тәсілін сәтті қолданып, есінен танған спортшыны секунданттардың қолына тапсырған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel