RU
Қазақстандық боксшы Азия ойындарының финалына жекпе-жексіз өтті
Жаңалықтар Әлемде

Қазақстандық боксшы Азия ойындарының финалына жекпе-жексіз өтті

Рассказать Вконтакте

Боксшы Әбілхан Аманқұл жартылай финалда жекпе-жек өткізбеді, бірақ Азия ойындарының финалына өтті деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ. 

ыраипеиавт

Фото: olympic.kz

Әбілханның қарсыласы үндістандық  Кришан Викас жарақатына байланысты жекпе-жекке шығудан бас тартты. Осылайша Әбілхан Аманқұл тікелей финалдық бәсекеге жолдама алды.

Оның финалдағы қарсыласы Өзбекстан мен Филиппин боксшыларының жекпе-жегінен кейін белгілі болады. 

Ал 69 келіде сынға түскен Асланбек Шымбергенов жартылай финалдық жекпе-жекті таза жеңіспен аяқтады.

Иорданиялық Зеяд Эшашпен кездескен біздің боксшымыз қарсыласқа еш мүмкіндік берген жоқ. Бес төреші де жеңісті Шымбергеновке берді. 

Шымбергеновтің финалдағы қарсыласы — өзбекстандық Усмон Батыров. 

Қазіргі уақытта отандық команда Азия ойындарында 64 медаль жеңіп алды, оның ішінде 12 алтын, 11 күміс және 41 қола медаль.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
2
5
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel