RU
Ақтөбе облысында жол апатынан үш ересек адам және сәби көз жұмды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Ақтөбе облысында жол апатынан үш ересек адам және сәби көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Жол-көлік оқиғасы 22 тамыз күні кешкі уақытта «Ақтөбе-Астрахань» тас жолында болған деп жазады Sn.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтөбе облысында жол апатынан үш ересек адам және сәби көз жұмды

Фото: Ақтөбе Таймс

22 жастағы жігіт «Лада-Приора» көлігін облыс орталығынан Шұбарқұдыққа асыға жүргізген.

Ол жол ережесін бұзып, қарсы бағытқа өтіп кетеді. Сөйтіп қарсысында келе жатқан 27 жастағы жігіт тізгіндеген «Лада Ларгус» көлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан оқиға орнында 4 адам қаза табады. «Лада-Приора» көлігіндегі екі жолаушы көз жұмған.

Оның бірі ақтөбелік әйел мен екіншісі Темір ауылының тұрғыны болып шықты. Ал екінші көлікте 18 жастағы қыз бен 2 айлық сәби мерт болған.

Ереже бұзған жүргізуші мен екі жолаушы ауруханаға жатқызылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
6
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel