RU
Сахна сыртында "лезгинка" билеген Алашұлы жігіттері елді сүйсіндірді (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Сахна сыртында "лезгинка" билеген Алашұлы жігіттері елді сүйсіндірді (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық танымал "Алашұлы" тобының әншілері мерекелік концерт кезінде сахна сыртында "лезгинка" биін нақышына келтіре билеп, тыңдармандарын сүйсінтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Конституция күніне орай Талдықорған қаласында өткен концерттің үзінділері аталмыш топтың Instagram парақшасында жарияланды.

"Қайырлы кеш, құрметті тыңдармандар! Төл мерекеміз - Конституция күні құтты болсын! Сіздерге Талдықорғанда өткен концерт алдындағы сәттен үзінді ұсынамыз. Кім жақсы биледі? Пікірлеріңізді жаза отырыңыздар", - делінген видео анықтамасында.

Сахналық әндерін үнемі бимен әрлейтін топ жігіттерінің қылығы көпшілікке ұнап қалса керек, желі қолданушылары жағымды пікірлерін аямады.

" Қазақтың намысын көкке көтеріп жүрген нар тұлғалы азаматтар. Ырзамын. Кім жақсы билейді дегенге келсек, Əзімбек ағама тең келері бар ма екен, сірə? ", "Сегіз қырлы, бір сырлы" деген атқа лайық жігіттер", "Мақсат ағамыздың өзі билесе тіпті керемет болушы еді", - деп жазды олар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
10
2
0
1
1
33
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel