RU
БАҚ: Донецкіде өз-өзін жариялаған мемлекет басшысын жарып жіберді
Жаңалықтар Әлемде

БАҚ: Донецкіде өз-өзін жариялаған мемлекет басшысын жарып жіберді

Рассказать Вконтакте

Украинаның Донецк аймағындағы Ресей қолдайтын қарулы сепаратистердің жетекшісі Александр Захарченко 31 тамызда Донецк қаласындағы бір кафеде болған жарылыс кезінде қаза тапты деп хабарлайды Азаттық радиосына сілтеме жасаған NUR.KZ.

иыивп

Фото: TASS

Бұл мәліметті сепаратистердің ақпарат құралдары растады.

"Донецк ақпарат агенттігі" сайтында сепаратистердің әкімшілігіне сілтеме жасап, 42 жастағы Захарченконың Донецк орталығындағы жарылыстан мерт болғанын жазды.

Александр Тимофеев атты және бір сепаратистердің белгілі өкілі жарылыс кезінде жараланған.

Франциялық AFP ақпарат агенттігінің оқиғаны көрген тілшісі жарылыс орнын полицияның қоршап тастағанын хабарлады. Жергілікті ресми өкілдер шабуылға байланысты Донецкіге кіру-шығу жолдары жабылғанын мәлімдеді.

Соңғы суреттерге қарағанда жарылыс болған "Сепар" атты кафе сепаратистердің үлгісімен, әскери нышандармен безендірілген тағамханаға ұқсайды.

Ресейдің Сыртқы істер министрлігі шабуылды Украинадан көріп, Киевті "қанды қақтығыс" бастағысы келді деп айыптады.

Украинаның қауіпсіздік қызметі шабуылды "терроршылар мен олардың ресейлік демеушілерінің арасындағы қақтығыс нәтижесі" етіп сипаттады.

Айта кетерлігі, Александр Захарченко өзін "Донецк халық республикасының жетекшісі" деп көрсетіп келген болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
2
0
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel