Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жатпланеталықтарға үлкен әуежай салып шыққан жігіт олардың келуін күтіп отыр (фото)

Опубликовано:

Аргентинаның Сальта провинциясында ер адам жатпланеталықтарға арнап үлкен әуежай салып шықты. Бұл туралы NUR.KZ порталы 120.su сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жатпланеталықтар. Фото: 120.su
Жатпланеталықтар. Фото: 120.su: UGC

Алыстан мен мұндалап тұрған бұл құрылыс талай адамның таңданысын тудырған. Оны салып шыққан швейцариялық азамат Вернер Джаисли өзге планеталықтармен тілдескеніне сендірді.

Жатпланеталықтарға арналған әуежай. Фото: 120.su
Жатпланеталықтарға арналған әуежай. Фото: 120.su: UGC

2008 жылы жатпланеталықтарға арнап әуежай сала бастаған Вернер он жыл бұрын аспаннан белгісіз ұшатын нысанды көріпті.

Сол сәтте жатпланеталықтар Вернерге әуежай салып қоюды бұйырған екен. Әуежайды жанталаса салып жатқан азамат жатпланеталықтардың тағы да келуін тағатсыздана күтіп жүр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1750312-zatplanetalyktarga-lken-uezaj-salyp-sykkan-zigit-olardy-keluin-ktip-otyr-foto/

pixel