RU
Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

Рассказать Вконтакте

Қазгидромет бірінші қыркүйекке арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Күз. Көрнекі фото: LiveJournal

Күз. Көрнекі фото: LiveJournal

Республиканың солтүстік, орталық және шығыс аймақтарында кей жерлерде жаңбыр болып, түнгі сағаттарда солтүстікте жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. Найзағай және екпінді жел сақталады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, оңтүстікте шаңды дауыл болады.

Қазақстанның батыс және оңтүстік жартысында жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Республиканың солтүстік және солтүстік-батысында түнде кей жерлерде үсік күтіледі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с, найзағай, түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Қызылорда облысында жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейіп, шаңды дауылмен болады. Түркістан облысының кей жерлерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейіп, шаңды дауылмен болады.

Павлодар, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай, түнде және таңертең кей жерлерде тұман, күндіз желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Жамбыл облысында кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі сақталады. Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертен тұман болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде 3 градус үсік күтіледі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
4
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel