Выйти
RU

Азиада-2018: Қазақстан құрамасының қоржыны 13-ші алтынмен толықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстан құрамасының қоржыны 13-ші алтынмен толықты. Байдаркамен 200 метрге жарысудан Инна Клинова Азиада чемпионы атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Инна Клинова. Фото: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Инна Клинова. Фото: Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Инна Клинованың нәтижесі – 42.045. Ол қытайлық қарсыласынан 0.462 секундқа озып кетті. Ал қола жүлде жапониялық спортшының еншісінде.

«Мен жеңіске жетемін деген мақсат қойдым. Өйткені, бұл еліміз үшін маңызды дода. Сондықтан, психологиялық тұрғыдан аздап қиындық туды. Барлығы осылай аяқталғанына ризамын. Енді төрт адамдық жарыста барымды саламын. Қолдауларыңызға рахмет! Бұл жеңісімді барша Қазақстан халқына және Денис Теннің рухына арнаймын», - деді Клинова.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Азиада-2018: Қазақстан құрамасының қоржыны 13-ші алтынмен толықты
Mailfire view pixel