Выйти
RU

Путин ДХР басшысының өліміне қатысты пікір білдірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Ресей президенті Владимир Путин Донецк Халық Республикасының басшысы Александр Захарченконың өліміне қатысты көңіл айтты. Оның сөздерін Кремль сайты жария еткен. Бұл туралы NUR.KZ порталы lenta.ru сайтына сілтеме жасап жазады.

Путин. Фото: Сергей Гунеев / РИА Новости

Путин. Фото: Сергей Гунеев / РИА Новости

"Александр Захарченконы қасақана өлтіру - келесіні тағы да айғақтай түседі: террор жолын, зорлық-зомбылықты, қоқан-лоққыны таңдағандар жанжалдың бейбіт, саяси шешімін іздемейді, оңтүстік-шығыс (Украина) тұрғындарымен шынайы диалог жүргізуді қаламайды.

Олар жағдайды ушықтыру жолында қауіпті қадам жасап, Донбасс халқын тізе бүктірмек. Бұл олардың қолынан келе қоймас. Бұл қылмысты ұйымдастырғандар мен іске асырғандар лайықты жазасын алады деген үміттемін", - дейді Путин.

Сонымен қатар Путин Захарченконы "нағыз халық көшбасшысы, батыр әрі өзіне сенімді адам, Донбасс патриоты" деп атады.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Путин ДХР басшысының өліміне қатысты пікір білдірді
Mailfire view pixel