Выйти
RU

Алматыда өртеніп жатқан үйден 70 адам құтқарылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыдағы "Алғабас" ықшам ауданында жұма күні кешке өрт болды. Тоғыз қабатты тұрғын үйдің пәтері отқа оранып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Өрт. Көрнекі фото: liport.ru

Өрт. Көрнекі фото: liport.ru

Өрт жұма күні сағат 22.09-да алтыншы қабатта орналасқан пәтерден шығып, 15 метр аумақты шарпыған.

Құтқарушылар 70 адамды қауіпсіз жерге шығарды, олардың ішінде 20 бала бар. Өрт ошағы сағат 22.36-да оқшауланып, 22.54-те жойылды.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда өртеніп жатқан үйден 70 адам құтқарылды
Mailfire view pixel