RU
Назарбаев жалақысы аз азаматтарға қандай көмек көрсетілгенін айтты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Назарбаев жалақысы аз азаматтарға қандай көмек көрсетілгенін айтты

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысын ашты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Назарбаев. Фото: akorda.kz

Назарбаев. Фото: akorda.kz

Мемлекет басшысы халық қалаулыларын парламенттік маусымның басталуымен құттықтады.

"Баршаңызды жаңа парламенттік маусымның басталуымен құттықтаймын. Сіздер жазда өңірлерді аралап, елдің тыныс-тіршілігімен жеке таныстыңыздар. Халықты не толғандыратынын, қандай мәселелер бар екенін біліп келдіңіздер.

Ол барша қазақстандықтардың ауқатын жақсарту жолындағы қызметтеріңізге қажет. Кезек күттірмей, қолға алынуы тиіс жұмыстар қазірдің өзінде бізде жеткілікті. Қос палатаның бірлескен отырысында басымдықтарды айқындап, бірден іске кірісуіміз керек.

Стратегиялық нысана бәрімізге белгілі, 2050 жылға дейінгі стратегияның негізгі мақсаты – дамыған 30 елдің қатарына қосылу, біздің айнымас межеміз. Барлық істеп жатқан жұмысымыз, қабылдаған бағдарламаларымыз осы мақсатқа жұмыс істеуі керек", — деді Назарбаев.

Президент Қазақстан мақсатты түрде алға басып келе жатқанын атап өтті.

"Мен 5 әлеуметтік бастаманы жария еттім. Парламент пен үкімет бірлесіп жұмыс істеп, оны жүзеге асыруға қажетті барлық заңнаманың алғашқы шарттарын жасады.

"7-20-25" бағдарламасы бойынша алғашқы несиелер беріле бастады. Қосымша 20 мың білім гранты берілді. 70 мың орындық жатақхана құрылысына дайындық аяқталды, кей өңірлерде басталып та кетті.

Жаңа жылдан бастап жалақысы төмен азаматтардың табыс салығы он есеге азайды. Жеке іс бастауға берілетін шағын несие көлемі 62 миллиард теңгеге көбейді. Сарыарқа газ құбырының құрылысына дайындық жұмыстары аяқталып қалды.

Осылайша мен жариялаған әлеуметтік жаңғырудың тағы бір бағдарламасын іске асыруға барлық негіз қаланды. Оны бақылап, уақытында жүзеге асыруға жұмыс жасауымыз керек", — деді мемлекет басшысы.

Сіздің реакцияңыз
4
3
2
2
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel