RU
Елімізде 3 миллионнан астам оқушы алғашқы қоңырауға қатысты
Жаңалықтар Қоғам

Елімізде 3 миллионнан астам оқушы алғашқы қоңырауға қатысты

Рассказать Вконтакте

Биылғы оқу жылында мектепке 3 милллионнан астам оқушы барады. Олардың 350 мыңы мектеп табалдырығын алғаш рет аттауда. Бұл туралы NUR.KZ порталы БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алғашқы қоңырау. Көрнекі фото: ekaraganda.kz

Алғашқы қоңырау. Көрнекі фото: ekaraganda.kz

Елімізде барлығы 7024 мектеп жұмыс істейді. Министрлік ақпаратына сәйкес, биылғы жылы Қазақстанда 110 білім беру мекемесі бюджет қаражатына салынбақ. Бұл жоспарды жүзеге асыруға 53 млрд теңге бөлінеді.

Осы жылдан бастап оқушылар «Информатика» пәнін бесінші сыныптан емес, үшінші сыныптан бастап игеретін болады.

Одан бөлек ендігі әрбір білім мекемесі ҰБТ нәтижесі бойынша рейтингке енгізіледі. Жоғары оқу орнына келетін болсақ, 2018 жылы грантпен оқитындардың үлесі 54 пайызға көбейген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel