RU
Мырзағали Айтжанов: Бүгін екі алтынымызды тартып алды
Жаңалықтар Спорт

Мырзағали Айтжанов: Бүгін екі алтынымызды тартып алды

Рассказать Вконтакте

Бокстан Қазақстан командасы Азия ойындарының тарихында тұңғыш рет алтынсыз қалды. Бірінші қыркүйек күні финалда жұдырықтасқан екі боксшымыз да күмісті қанағат еткен болатын деп жазады olympic.kz.

Қазақстан командасы. Фото: Данияр Майлыбаев. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Қазақстан командасы. Фото: Данияр Майлыбаев. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов сұхбат беріп, жеңілістің себебін түсіндірді.

«Азия ойындарына бес жүлде аламыз деп келгенбіз. Оған шамамыз да жететін еді. Алайда, тым төмен нәтиже көрсетіп отырмыз. Әр ел өз спортшысын қорғайды. Сол себепті, бір елдің соңына түсіп алғанымыз дұрыс болмас.

Жігіттер бар күшін салды, оларға айтарым жоқ. Көптеген кедергілер мен келеңсіз жайттар орын алып отыр. Финалға дейін үш боксшымыздың жолын кескен. Енді, міне, екі жігітіміздің алтынын тартып алды. Сабыр қылғаннан басқа амал жоқ.

Жалпы, бізге шаршы алаңдағы қарсыластармен ғана емес, басқалармен де күресуге тура келді. Қайрат Ерәлиевті алып тастағаннан кейін-ақ, қиын соғарын сездім. Тіпті, Азия ойындарына аттанар кезде де бұл белгілі болған. Себебі, біздің бір өкіліміз жоқ. Қазақстандық төрешілер де алынбаған. Сондықтан, Азия ойындарында саясат жеңді.

Асланбек Шымбергеновке жоқ жерден ескерту беріп, ұпайын алып тастады. Боксшыға үш-төрт рет ауызша ескерту берілген соң ғана, ұпайын алып тастаушы еді. Бұл жолы бірден... Жігіттерге айтар өкпем жоқ. Бар күшін салды», - деді Мырзағали Айтжанов.

Еске салсақ, бүгін Азиада финалында жұдырықтасқан Асланбек Шымбергенов пен Әбілхан Аманқұл төрешілер шешімімен жеңіліс тапты.

Көпшілік мамандар мен жанкүйерлер қазақ боксшыларына қиянат жасалғанын айтуда. Екі боксшы да финалда алтынға лайықты өнер көрсеткен болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
23
3
1
11
1
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel