RU
Елбасы Шымкентті дамытуға қатысты тапсырма берді
Жаңалықтар Саясат және экономика

Елбасы Шымкентті дамытуға қатысты тапсырма берді

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке Шымкенттің дамуын назардан тыс қалдырмауды тапсырды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Шымкент. Фото: sxodim.com

Шымкент. Фото: sxodim.com

"Шымкентке республикалық маңыздағы қала мәртебесі берілді. Жаңадан Түркістан облысы құрылды. Үкімет пен министрліктер облыс орталығының қалыптасуы мен құрылысына назар аударуы керек. Қазақстан бизнесі де бұл жұмысқа атсалысқаны жөн.

Мен өзім де сол жаққа барып, мәселелерді талқыламақпын. Жақын арада дамыған жаңа облыс орталығы, экономика мен бизнесіміздің жаңа өсім нүктесі пайда болатынына сенімдімін", — деді Назарбаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Президент облыс орталығының Түркістанға көшірілуі әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан ғана емес, рухани жағынан да аса маңызы бар екенін атап өтті.

"Ол – еліміздің ең киелі жерлерінің бірі. Тарлан тарихымызда талай тағдырлы шешімдер осында қабылданған. Есімдері ел тарихында мәңгі жазылған біртуар тұлғаларымыз осында жай тапқан.

Халық тығыз қоныстанған тұтас оңтүстік өңірдің дамуы жаңа облыс орталығының жұмысын тиімді ұйымдастыруға байланысты. Сондықтан үкімет пен әкімшілік бұл жерде тығыз жұмыс істеуі керек",- деді Елбасы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
2
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel