RU
Ғалымдар салмақ тастау үшін сағат қаншада тамақтану керектігін анықтады
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ғалымдар салмақ тастау үшін сағат қаншада тамақтану керектігін анықтады

Рассказать Вконтакте

Британиядағы Суррей университетінің ғалымдары таңғы асты кештеу және кешкі асты ерте ішу салмақ тастауға көмектеседі деген тұжырым жасады. Зерттеуді Nutritional Sciences журналы жариялады деп жазады Sputnik Қазақстан.

Диета. Көрнекі фото: Единственная

Диета. Көрнекі фото: Единственная

29-дан 57 жасқа дейінгі 16 адам тәжірибеге қатысқан. Олардың тоғызы таңғы асты әдеттегіден бір жарым сағат кешіктіріп, кешкі асты бір жарым сағат ерте ішті.

Нәтижесінде тамақтану уақытын өзгерткендер бұрынғы кестемен тамақтанатындарға қарағанда екі есе азып кетті. Сондай-ақ, бірінші топтағылар тәбеті төмендеп, күні бойы тұтынатын тамағының көлемі азайғанын мәлімдеді.

"Біз зерттеу барысында мұндай тамақтану кестесін сақтау отбасымен және қоғамдық өмірмен үйлесім таба бермейтінін байқадық. Дегенмен оны сақтауға әрекет етуіміз керек, өйткені бұл диета пайдалы екені сөзсіз", — дейді Суррей университетінің докторы Джонатан Джонстон.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
2
1
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel