RU
Ақтөбеде жеті жасар ұл баланың зорланғаны дәлелденбей жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде жеті жасар ұл баланың зорланғаны дәлелденбей жатыр

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде жеті жасар ұл баланы 16 жастағы жасөспірім зорлады деген арызды полиция әлі тексеруде деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Зорлық. Көрнекі фото: СП

Зорлық. Көрнекі фото: СП

Ұлының зорланғанын әлеуметтік желі арқылы хабарлап, көмек сұраған ата-ананың арызы қанағаттандырусыз қалуы мүмкін. Себебі екі айдан аса уақыт өткен оқиғадан полиция нақты дәлелдер таппаған.

"Жилянка ауданында тіркелген оқиғаға қатысты әлі тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Әлі нақты дәлелденген жоқ", - деді қалалық ІІБ-нің басшысы Бағланбек Құрманалин.

Зорлық көргені дәлелденбеген бастауыш сынып оқушысына мектеп тарапынан да психологиялық көмек көрсетілмеген.

"Әлеуметтік желіде зардап шегуші деп көрсеткен кішкентай бала біздің мектепте оқиды. Бірақ ол әлі шешілмеген, анықталмаған мәселе. Ақпарат дәлелденбегендіктен, біз араласа алмаймыз", - дейді №53 мектептің директоры Жәния Романова.

Осыған дейін хабарлағанымыздай, жеті жасар бүлдіршіннің туыстары 16 жастағы көршісінің зорлық көрсеткені туралы айтып берген болатын.

Тәтесінің айтуынша, көрші баланың інісіне жыныстық қысым көрсеткенін көршілеріне дейін көрген. Жәбірленуші тарап экспертизаның бірнеше күн кешігіп жүргізілгенін айтады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
11
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel