RU
Алматы облысында оқушы жүргізген көлік жантүршігерлік апатқа ұшырады
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматы облысында оқушы жүргізген көлік жантүршігерлік апатқа ұшырады

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында автокөлік тізгіндеген 14 жастағы оқушы жол апатына ұшырап, тіл тартпай кетті деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Жол апаты. Фото: : instagram.com/kris_p_kz

Жол апаты. Фото: : instagram.com/kris_p_kz

Instagram желісіндегі Кris_p.kz тобында жол-көлік оқиғасы болған жерде түсірілген видео жарияланды. Видеоға түсініктемеде қайғылы жағдай Жаркент қаласының маңында болғаны айтылған.

Алматы облысының Ішкі істер департаменті жол апаты шынымен де Жаркент маңында 30 тамыз күні кешкі уақытта болғанын хабарлады.

"Mercedes және Audi көліктері Жаркент – Тұрпан автожолының екінші шақырымында соғысқан. Mercedes Benz автокөлігін 14 жастағы жасөспірім жүргізгені анықталды.

Ол оқиға орнынан аудандық ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді, дәрігерлер баланы ажалдан арашалап қала алмады. Қазір Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлігінде көзделген жол апаты фактісі бойынша қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", — мәлімдеді Алматы облысы ІІД-нің ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет.

Жасөспірім автокөлікте жалғыз болған, қазір полицейлер баланың шетелдік көлікті қалай мініп кеткенін анықтап жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
3
2
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel