Выйти
RU

Ресейде 164 жолаушы мінген ұшақ өртке оранды (видео)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Ютэйр" әуе компаниясының Boeing 737-800 ұшағы Сочи әуежайына апатты жағдайда қонуға мәжбүр болды деп жазады Sputnik Қазақстан.

Мәскеу-Сочи бағытындағы ұшақ ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, өзенге құлаған. Соққыдан шассидің тіреуі сынып кетіп, қанатына зақым келіпті. Содан кейін ұшақта өрт шықты.

Ұшақ бортында 164 жолаушы және алты экипаж мүшесі болған. 18 адам жарақат алып, жолаушыларды эвакуациялау кезінде әуежай қызметкері көз жұмды. Оның қаза болу себебі әлі белгісіз.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ресейде 164 жолаушы мінген ұшақ өртке оранды (видео)
Mailfire view pixel