RU
Қарағандыда ұялы телефондарды жөндеймін деп оларды ұрлап кеткен алаяқ ұсталды
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда ұялы телефондарды жөндеймін деп оларды ұрлап кеткен алаяқ ұсталды

Рассказать Вконтакте

Қарағанды тұрғыны ұзақ уақыт бойы көпшілікке өзін ұялы телефондарды жөндейтін маман ретінде таныстырып жүрген. Ер адам істен шыққан техникаларды қалпына келтіріп беремін деп уәде етіп, артынша оларды қолды етіп тайып тұрған деп жазады NUR.KZ.

фото: pixabay.com

фото: pixabay.com

28 жастағы ер азамат мейрамханада ұялы телефоны істен шыққан бойжеткенмен танысып, оған құрылғысын жөндеп беремін деп уәде етеді. Ер адамның айтқанына сеніп қалған ару, телефонын еш ойланбастан өзін техникаларды қалпына келтірумен айналысамын деп соққан жігітке бере салады.

Сол күннен бері бойжеткен ұялы телефонын да, оны жөндеймін деген маманды да көрмеген.

Алаяқ адамдары басқа да амалдармен алдағаны анықталды. Тәртіп сақшылары ер адамның қатысы бар тағы үш оқиғаны әшкере еткен. Азамат көшеде кетіп бара жатқанда бейтаныс адамдардан қоңырау шалуға рұқсат сұрап, ұялы телефонды қолына алғанда қаша жөнелген.

Алаяқ өзінің ұрлығының шығынын түрмеде отырып өтейтін болады.

Қазірге таңда, абақтыда отырған қылмыскерлер де темір тор ар жағында жүріп-ақ қызмет етуге қауқарлы. Олар, белгілі көлемде жалақы алады.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel