RU
Ұстаздарға әкелген гүлдердің бәрін алып кеткен Ерке Есмахан күлкіге қалды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Ұстаздарға әкелген гүлдердің бәрін алып кеткен Ерке Есмахан күлкіге қалды

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші білім күніне орай оқушыларға ән айтып, балалардың ұстаздарға әкелген гүлшоқтарын өзімен алып кетті. Көпшілік мұғалімдерді гүлсіз қалдырған Ерке Есмаханды күлкі етіп, әртістің бұл қылығын қызу талқыға салған деп жазады NUR.KZ.

Ерке Есмахан 1 қыркүйек күні ақтөбелік ұстаздарды гүлсіз қалдырды. Оқушыларды білім күнімен құттықтай келген әнші балақайлардың ыстық ықыласына ие болған. Олар қолдарындағы бар гүлін танымал әртіске сыйға тартқан.

Оқиға орнынан түсірілген видеоны өз парақшасына жүктеп қойған Ерке Есмахан, бейнежазбаға "Ұстаздарға әкелген бар гүлді алып кеткенсің ғой" деген жазба қалдырды.

Көпшілік, отандық әншінің қылығын күлкі етіп, қызу талқыға салған. Кейбір оқырмандар Еркенің әрекетін сынға да алып жатты.

"Қатырады осы әнші. Ұстаздар ренжіген болар"
"Оқушылар алдында махаббат туралы ән айтып жатқаны несі?"
"Мына әнді мектепте айтуға ұялмады ма?"
"Ұстаздарға арнап сатып алынған гүлшоқтардың барлығын балалар Еркеге сыйлап тастаған сияқты ғой" , - деп жазып жатты оқырмандар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
14
3
1
1
0
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel