RU
Павлодар облысында мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы пара алып ұсталды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Павлодар облысында мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы пара алып ұсталды

Рассказать Вконтакте

Павлодар облысындағы мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы пара алып жатқан жерінен ұсталды. Ернұр Байғұрманов 100 мың доллар көлеміндегі қаржыны заңсыз түрде алмақ болған деп хабарлайды "Время" басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: pavlodar.gov.kz

фото: pavlodar.gov.kz

Оқиға алдында бір күн бұрын ғана басшы өз қызметкерлеріне Конституция күніне орай марапаттарды таратқан.

Байғұрмановпен бірге департаменттің екі қызметкері де тұтқындалды. Бейсембаев пен Мағзұмовтың да бұл іске қатысы бар болып шықты.

Анықталғандай, мемлекеттік кірістер департаментінің үш қызметкері жергілікті кәсіпкерден 100 мың доллар көлеміндегі қаржыны талап еткен. Көмір өндірумен айналысатын "Заман" компаниясының басшысы Абгужинов бұл оқиға жайлы елордалық жемқорлыққа қарсы күрескерлерге хабарлаған.

Лауазымды шенділерді тұтқындау операциясын Ұлттық бюроның жемқорлыққа қарсы күрес орталық аппаратының қызметкерлері іске асырды.

Материалды көшіріп-басу Время басылымының рұқсатымен ғана іс асырылады!

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
2
0
0
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel