RU
Александр Захарченконың өліміне қатысты жаңа мәліметтер шықты
Жаңалықтар Әлемде

Александр Захарченконың өліміне қатысты жаңа мәліметтер шықты

Рассказать Вконтакте

Өзін-өзі республика етіп жариялаған Донецк мемлекетінің басшысы Александр Захарченко мейрамханада орын алған жарылыс кезінде қаза тапты. Қайғылы жағдайға кафеге арнайы орнатылған жарылғыш құрылғысы себепкер болған. Бұл туралы басшының кеңесшісі Александр Казаков мәлімдеді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: РИА Новости/Игорь Маслов

Фото: РИА Новости/Игорь Маслов

"Жарылғыш құрылғы кафенің ішіне арнайы орнатылған көрінеді. Жарылыс дәл олардың мейрамханаға кіріп келе жатқан кезінде орын алды. Бірінші болып күзетші кірді. Ол бірден көз жұмды. Екінші болып Александр Владимирович пен тағы бір күзетші және ең соңында табыстар мен қаржы жинақтау министрі кірген болатын", - деп айтты Казаков.

Оның пайымдауынша, жарылғыш құрылғысы мейрамханаға бейсенбі күні орнатылса керек.

Оған қоса, Новороссия парламентінің спикері Олег Царев құрылғының жарықшам ішінен табылғанын растады. Оның айтуынша, бомба дәл Захарченко отырған үстелдің жанында болған.

Донецк ұлттық республикасының басшысы "Сепар" мейрамханасына өте жиі барып тұрған. Мекеме Захарченконың жеке күзетіне тиесілі болды.

Жарықшамның ішіне орнатылған жарылғыш құрылғысы ұялы телефон қоңырауымен іске қосылғаны да анықталды.

Мейрамхана мемлекет басшысының күзетімен жіті бақыланып тұрған. Сол себепті, бомбаны орнату Захарченкоға жақын адамдардың көмегінсіз мүмкін емес дейді тәртіп сақшылары.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
5
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel