RU
Көреалмаушылық танытқан Роналду үздік футболшыларды марапаттау рәсіміне бармай қойған
Жаңалықтар Спорт

Көреалмаушылық танытқан Роналду үздік футболшыларды марапаттау рәсіміне бармай қойған

Рассказать Вконтакте

"Ювентус" клубының шабуылшысы Криштиану Роналду УЕФА-ның марапаттауына барудан рәсімге екі сағат қалғанда бас тартқан. Португалиялық жұлдыздың аяқ асты айнып қалуына жылдың үздік ойыншысы бұрынғы командаласы Лука Модричтің атанғаны себеп болған деп жазады NUR.KZ.

Фото:eurosport.com

Фото:eurosport.com

Криштиану Роналду УЕФА ұйымдастырған салтанатты шараға баруды жоспарлап, тіпті өзімен қоса келетін алты адамға да арнайы орын алдыртып қойған болатын.

Алайда, марапаттау рәсіміне екі сағат қалғанда, оған жылдың үздік ойыншысы болып Модрич атанғаны туралы ақпарат жеткен. Бұл жаңалықты ести сала ашуға булыққан Роналду, салтанатты шараға барудан бас тартты.

Португалиялық жұлдыз тіпті "Ювентус" басшыларының қоңырау шалғанына қарамастан, өз шешімін өзгертпей Монакода өткен марапаттау рәсіміне келмей қойды.

Барлық жүлделерді Чемпиондар лигасын жеңген "Реал Мадрид" футболшылары иемденді. Криштиану Роналду үздік шабуылшы атағын жеңіп алды.

Жылдың үздік футболшысы болып, Әлем чемпионатында жоғары нәтижелі ойын көрсеткен Лука Модрич атанды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
0
3
3
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel