Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пәк болмай шықты": Қызылорда тұрғыны алғашқы неке түнінен кейін әйелінен бас тартқан

Опубликовано:

Қоғамның заманауи көзқарасына қарамастан, ер адамдар әлі де бойжеткендердің пәк болуына аса маңызды санайды. Қызылордада орын алған оқиға бұған дәлел болса керек. Жас жігіт алғашқы неке түнінен кейін әйелінен көңілі қалып, оны үйіне апарып тастаған. Ол сүйікті жарының пәк болмай шыққанына ашуланған деп жазады NUR.KZ.

фото: azilka.ru
фото: azilka.ru: UGC
"Біз Толқын екеуміз көп кездесіп жүрмедік. Бар болғаны алты ай ғана. Ата-анам үйлен деп қатты асықтырған соң, сүйіктіме ұсыныс жасадым, ол қабыл алды.
"Біздің арамызда жақындық болмады, ал жыныстық өмір жайлы әңгімелерден Толқын қатты ұялатын. Асықтырмайын деп шештім. Мен сүйіктімнің пәктігіне күмәнім да болмады. Екі отбасы да тойға дайындықты бастап кетті, тойға шақыртуларды да таратып тастадық", - деп айтты Алмас Шаймерден.

Жігіттің айтуынша, "Қыз ұзату" тойы жоғары деңгейде өтті. Құда-құдағилер бір-біріне сыйлықтар тарту етіп, көңіл көтерген.

"Ұзатудан кейін Толқынды үйге алып кеттім. Өзім ауданда тұрғанымен, қалада жұмыс істеймін. Үйде қонақтар мен достар болып тағы тойладық. Сүйіктіммен жалғыз қалу мүмкіндігі бұйырмады. Оның үстіне ертесіне беташар болу керек болған соң, демалып алайық деп жақындасуды кейінге қалдырдым", - деп айтты жас жігіт.

Барлық шаралардан кейін жас жұбайлардың жақындасуына мүмкіндік туған. Алмастың жақын туыстары оларға арнайы төсек салып беріп, алғашқы неке күніне бәрін дайындап қойған. Алайда, орын алған жыныстық қатынастан кейін күйеужігіт сүйіктісінің пәк емес екеніне көзі жеткен.

"Әрине тәжірибем көп болмаса да, әйелді қыздан мен ажырата аламын. Толқын тоқтамай жылай берді, айтарға сөзі де болмады. Ал артынан мені заманауи көзқарасты емес екендігімді айтып кінәлай бастады.
Оның айтуынша, қазіргі таңда ешкім пәктікке мән бермейді. Алайда, мен ондайға қатты қараймын. Әйелімнің таза болғанын қалаймын. Өйткені ол менің балаларымның болашақ анасы емес пе? Біздің ұрысымызд ата-анам естіп қойды. Оларға бәрін айтуға тура келді", - деп айтты Алмас.

Жас жұбайлар ресми түрде некелерін заңдастырып үлгермеген.

"Мен оған қатты қуанамын. Ертесіне мен Толқынды өз үйіне апарып тастадым. Үйінде әлі де алыстан келген туыстары да болды. Ештене түсіндірместен үйіне әкеліп, қайтадан кетіп қалдым", - деп қорытындылады жас жігіт.

NUR.KZ порталының қызылордалық жігіттер арасында жүргізген арнайы сауалнамасы арқылы ер жігіттер үшін қыздың пәктігі әлі де аса маңызды екенін аңғаруға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1750408-pk-bolmaj-sykty-kyzylorda-trgyny-algasky-neke-tninen-kejin-jelinen-bas-tartkan/

pixel