RU
Спорттан екі жылға шеттетілген Илья Ильин Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті
Жаңалықтар Спорт

Спорттан екі жылға шеттетілген Илья Ильин Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті

Рассказать Вконтакте

Екі жыл бойы спорттан шеттетілген отандық зілтемірші үлкен спортқа қайта оралып, өзіне күмәнданғандарға мықтылығын тағы бір мәрте дәлелдеді. Илья Ильин Қазақстан чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, турнирдің жеңімпазы атанды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Sputnik / Саид Царнаев

Фото: Sputnik / Саид Царнаев

96 мен 102 келілі спортшылар ауыр атлетика бойынша чемпионатта бақ сынап жатыр. Олардың қатарында әйгілі отандық спортшы Илья Ильин де бой көрсетті. Зілтемірші екі жылға спорттан шеттетілгеннен кейін алғаш рет жарысқа қатысып, чемпионаттың жеңімпазы атанды.

Илья жұлқып көтеруде берілген үш мүмкіндікті де сәтті пайдалана алды. Ол бұл категорияда үздік атанды. Спортшы 160, 170 және 172 келіні еңсерді.

Ильин итеріп көтеруде де мықтылығын дәлеледеді. Ол 208 келіні көтеріп, үздік нәтиже көрсетті.

Нәтижесінде, танымал ауыр атлет чемпионаттың жеңімпазы атанды.

Алайда, 102 келі салмақ олимпиадалық стандартқа жатпайтынын ескере кеткен жөн. Оған қоса, чемпионатта Ильинға қарсы екі спортшы ғана шыққан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
2
13
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel