RU
Тележүргізуші әйел қызғаншақ әріптесінің басын жарып тастады
Жаңалықтар Калейдоскоп

Тележүргізуші әйел қызғаншақ әріптесінің басын жарып тастады

Рассказать Вконтакте

Американың Батыс Вирджиния штатында телеарнада істейтін екі әйел арасында төбелес шықты. Жанжалдың нәтижесінде, бір келіншек ауыр бас жарақатын алған деп жазады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Sputnik / Жоомарт Ураимов

Sputnik / Жоомарт Ураимов

WSAZ телеарнасында ауа райы болжамын жүргізетін Челси Амбрицке әріптесі Эрика Бивенсті ұрып-соқты деген айып тағылды. Бивенстің аймақтық сотқа берген шағымында айтылғандай, төбелес салдарынан әйелдің бас сүйегі сынып, құлақ жарғағы жарылған.

Жанжалдың неден шыққаны арызда көрсетілмеген. FTVLive порталы қала полициясына сілтеме жасап, төбелеске қызғаныш себеп болғанын хабарлады. Бивенстен жауап алған полицейдің айтуынша, ол әріптесінен күйеуі Дональдтты қызғанған.

Егер Амбрицтің кінәсі дәлелденсе, онда ол бір жылға бас бостандығынан айырылып, 500 доллар мөлшерінде айыппұл төлейді

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel