RU
"Мен оралдым": Допинг дауынан кейін алғашқы алтынын алған Ильин жанкүйерлеріне алғыс білдірді
Жаңалықтар Спорт

"Мен оралдым": Допинг дауынан кейін алғашқы алтынын алған Ильин жанкүйерлеріне алғыс білдірді

Рассказать Вконтакте

Илья Ильин Қазақстан біріншілігін жеңіп алған соң, өзіне қолдау көрсеткен жанкүйерлеріне алғысын білдірді. Спортшы парақшасына арнайы видео жүктеп өзінің адал табынушыларына бұл жеңістің тек қана бастама екенін айтып сендірген деп жазады NUR.KZ.

Қазақстандық зілтемірші басына түскен допинг дауынан кейін екі жылға спорттан шеттетіліп, аса ауыр кезеңін өткергенін жасырмады. Алайда, белгіленген мерзімнің соңына жеткенінен кейін бірден ел біріншілігіне қатысуға ниеттенген Илья оны жеңіп алған.

Допингтан кейін қолы жеткен алғашқы алтынына спортшының жанкүйерлері қатты қуанып, қалаулысының парақшасына құттықтауларын жазып жаудырған.

Өзіне деген ерекше халық ықыласына Илья Ильиннің де жауабы жайын болды. Спортшы өзінің Instagram парақшасына арнайы видео жүктеп, жанкүйерлеріне өз алғысын жеткізген.

"Баршаңызға рахмет! Үнемі қолдау көрсетіп, қасымнан табылатын сіздерген алғысым шексіз. Мен оралдым. Бәрі артта қалды. Енді бәрі басынан басталады. Бұл алтын жүлде тек қана бастама, алда бағындырар белестер өте көп!", - деп айтты спортшы.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
2
1
23
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel