RU
Ауа-райы болжамы: Бүгін еліміздің бірнеше облысында үсік жүреді
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ауа-райы болжамы: Бүгін еліміздің бірнеше облысында үсік жүреді

Рассказать Вконтакте

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 3 қыркүйек күні еліміздің батысында және солтүстік-батысында жаңбыр күтіледі. Шығыс жартысында түнгі жауған жаңбырдың арты қарға айналуы мүмкін деп хабарлайды Қазгидромет орталығына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Ника ТВ

Фото: Ника ТВ

Республикамыздың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталықтың кей жерлерінде үсік сақталады.

Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Алматы облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Түркестан, Қызылорда, Маңғыстау  облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні шаңды дауылмен 23 м/с күшейеді.

 Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан  облыстарының  кей жерлерінде түнде 3 градус үсік жүреді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel