RU
Өзін "той" әншісі деп сөккен Рымбаевамен суретке түскен Ернар Айдар елді сүйсінтті (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Өзін "той" әншісі деп сөккен Рымбаевамен суретке түскен Ернар Айдар елді сүйсінтті (фото)

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын Роза Рымбаева Ернар Айдарды "той" әншісі деп сөккен болатын. Алайда әнші бұл сынға мән бермей, халық әртісімен суретке түскен деп жазады NUR.KZ.

Ол Роза Қуанышқызының сынын орынды қабылдағанын айтып, Instagram парақшасында жазба қалдырған.

"Роза Қуанышқызы өте еңбекқор, парасатты тұлға. Кейде біздерді "бүгінімізден де жақсы болсын" деп қамшылап алуы мүмкін. Одан жаман болмаймыз. Күз келіп, күн суытқанмен көңіл суытпасын. Жақсы сөз айтып, жандарыңыз жаздай жадырап жүрсін. Үлкендерге құрметіміз, кішілерге ізетіміз үзілмесін", - деді Ернар Айдар.

Ал желі қолданушылары жас та болса, өзінің парасаттылығын көрсеткен әншіге риза болғандарын жасырмады.

"Жарайсың Ернар", "Кейде ақылдың бәрі осы жастардан шығады", "Пейіліңнің кеңдігі ғой. Өзіңе қанша сын айтқан адамды кешіргенің" деп жарыса жазды оқырмандар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
0
20
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel