RU
Ақтөбеде балабақша басшысы қоластындағы қызметкерді "көргенсіз" деп атаған
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде балабақша басшысы қоластындағы қызметкерді "көргенсіз" деп атаған

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысы Темір ауданының тұрғыны Бақытгүл Қарайдарова балабақша меңгерушісінің өзіне тіл тигізгенін айтып шағымданды. Айтуынша, ол әкімге жалақысын сұрап барған әйелді “көргенсізсің” деген сөз естіген деп хабарлайды kerek-info.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: newsvo.ru

Фото: newsvo.ru

Кеңқияқ ауылының тұрғыны Бақытгүл Қарайдарова “Зере” балабақшасында балалардың төсек-жаймасын жуып, үтіктейді. Жаңа оқу жылының қарсаңында ол мектепте оқитын баласына 20 мың теңгеге киім сатып алған. Алайда жалақысы кешіккендіктен, ауыл әкіміне жағдай айтып барған. Айтуынша, мұны естіген балабақша меңгерушісі оны тілдеп, сөккен көрінеді.

"Жалғызбасты анамын, мүгедек ұлым бар. Ауылдағы саудагерлерден балама қарызға киім алған едім. Олар мені мазалап, қайта-қайта үйіме келді. Жалақы кешігіп жатқандықтан, әкімнен көмек сұрап бардым. Сол үшін мені балабақша меңгерушісі “Көргенсізсің, ештеңе ұқпайсың ба?! Жүгіріп баратындай, әкім саған медаль тақты ма?” деп сөкті. Ар-намысыма тиді. Менен түсініктеме жазуды талап етті", - дейді ол.

Ашуға булыққан келіншек басшысының үстінен полицияға арызданған. Алайда балабақша меңгерушісі Мейрамгүл Жұмабаева қарамағындағы қызметкерге тіл тигізбегенін айтып, ант-су ішті. "Мен оны тілдеген жоқпын. Бала-шағамның қызығын көрмей кетейін. Ондай әңгіме айтатын адам емеспін. Жоғары білімді маманмын. Ұзақ жылдық еңбек өтілім бар. Оған ескерту жасағаным рас. Айлықты жарты сағат күтуін, банкке жібергенін айттым. Бірақ ол бұған шыдамай, жұмыс орнын тастап кеткен. Әкімдікте айқай шығарған. Әкім маған хабарласты. Оны қызметкерлер демалысқа кеткендіктен, тәрбиешінің көмекшісі қылып қойған едік. Оны 16 тәрбиеленуші, халықтың баласы тамақ әкеледі деп күтіп отыр. Ешкімнен сұранбаған. Полицияға мені жұмыстан шығарды деп арыз жазыпты. Мен оны жұмыстан шығармаймын. Аз қамтылған отбасы, ауыратын баласы бар. Жағдайын түсінемін. Үнемі қолдау көрсетіп отырамын. Ол - жалғызбасты ана. Мүмкін, жүйкесі жұқарған болар", - дейді балабақша меңгерушісі.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
1
0
3
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel