RU
БАҚ: Головкин жекпе-жек алдында Қазақстан әнұранын шырқаудан бас тартты
Жаңалықтар Спорт

БАҚ: Головкин жекпе-жек алдында Қазақстан әнұранын шырқаудан бас тартты

Рассказать Вконтакте

Геннайдий Головкин жекпе-жек алдында әнұран шырқаудан бас тартты. Бұл туралы оның қарсыласы Альварестің промоутері хабарлады. Оскар Де Ла Хойяның айтуынша, GGG тобы жұдырықтасу алдындағы әнұрандарды шырқау рәсімінің болғанын қаламайтындарын жеткізген деп жазады vesti.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: 24ur.com

Фото: 24ur.com

"Олар бұл ақылға қонымсыз нәрсені қою керек. Олар сонда өз елдерін қолдағысы келмегені ма? Головкиннің командасы жекпе-жек алдында әнұрандардың шырқалуына қарсы. Алайда, бұл әрбір кездесу алдындағы рәсім болып табылады.
Головкиннің тобы Қазақстан, Мексика және АҚШ әнұрандарының шырқалуын қаламайтындарын жеткізді. Тағы қандай талап қояр екен? Мүмкін жекпе-жектің болмағанын қалайтын шығар. Құдай үшін, шық та төбелес", - деп айтты Оскар Де Ла Хойя.

Айта кетейік, екі жақтың әрең дегенде келісімге келген жекпе-жегі 15 қыркүйек күні Лас-Вегас қаласында өтуі тиіс.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
22
3
2
3
1
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel