RU
Яндекс таксидің жүргізушісі студент қызды зорламақ болды
Жаңалықтар Қоғам

Яндекс таксидің жүргізушісі студент қызды зорламақ болды

Рассказать Вконтакте

Ресейде "Яндекс. Такси" жүргізушісі 19 жастағы студент қызды зорламақ болған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ©РИА Новости/Владимир Астапкович

Фото: ©РИА Новости/Владимир Астапкович

Ленинград облысында студент қыз бағдарлама арқылы "Яндекс. Такси" шақырған. Сәлден соң көрсетілген орынға сұр түсті "Volkswagen Polo" автокөлігі жетіпті.

Бір уақытта жайбарақат кетіп бара жатқан жүргізуші бейіттің қасындағы үйлердің біріне тоқтаған. Ол жолаушы қызды аймалап, төсі мен аяғын да сипалаған көрінеді.

Сол мезетте азамат қызды зорламақ болып, өлтіремін деп қорқытқан екен. Абырой болғанда, ару қашып үлгеріп, үйлердің біріне тығылып қалыпты.

Қазіргі уақытта жүргізушінің аты-жөні анықталған. Полицейлер жәбірлеуші мен оның көлігін іздестіріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
1
2
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel