RU
Бір жігітке "ғашық болып" қалған Ақбота мен Жұлдыз қызу талқыға түсті (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бір жігітке "ғашық болып" қалған Ақбота мен Жұлдыз қызу талқыға түсті (видео)

Рассказать Вконтакте

Бірі танымал әншінің, бірі әзілкеш актердың екінші жары атанған атышулы "КешYou" тобының экс-солистері Жұлдыз Өмірғали мен Ақботанұр Сейітмағамбет желіні тағы да шулатты. Олар отандық жас әншінің клипінен қатар көрінген деп хабарлайды NUR.KZ.

Бір жігітке ғашық болған Ақбота мен Жұлдыз қызу талқыға түсті (видео)

Ақбота мен Жұлдыз. Фотоколлаж: NUR.KZ

Азамат Әшіров есімді әншінің "Еркелеші" атты әніне түсірген бейнебаяны желіде жарық көрді.

YouTube-та жарияланған клип аз күнде 190 мыңнан аса қаралым жинап, желі қолданушыларының қызу талқысына түсіп үлгерген.

Аталмыш туындыда Ақбота мен Жұлдыз бір жігітке ғашық болған қыздарды сомдайды.

Бұған дейін жеке өмірлері ел назарында болған әншілердің бұл жолғы әрекеттері де көпке ұнамай қалған секілді.

Көпшілік оларды "арзанқол клипке түсті", "хайп қуып кеткен", "не істерін білмей жүр" деп сынның астына алған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
5
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel