RU
АҚШ-тың бұрынғы сенаторы өлімі алдында Путинге хабарлама қалдырды
Жаңалықтар Әлемде

АҚШ-тың бұрынғы сенаторы өлімі алдында Путинге хабарлама қалдырды

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың бұрынғы сенаторы Джон Маккейн өлімі алдында Ресей басшысы Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трампқа хабарлама қалдырған. Бұл туралы АҚШ-тың БҰҰ тұрақты өкілі Саманта Пауэр өз Twitter парақшасында мәлімдеді деп хабарлайды ria.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: © AFP 2018 / Robyn Beck

Фото: © AFP 2018 / Robyn Beck

Джон Маккейн өз жерлеу рәсімін мұқият жоспарлаған. Сенатор бұл жиынға Украина президенті Петр Порошенко мен НАТО ұйымы бас хатшысы Йенс Столтенбергті шақырып, оларды қатар орындарға отырғызтқан екен.

Сондай-ақ, ол АҚШ пен Ресей басшыларына соңғы хабарлама жазып қалдырыпты.

"Владимир Путин мен Дональд Трампқа соңғы хабарламасы: Америка өз достары мен одақтастарының қасында қалады", - деп жазған Саманта Пауэр.

Аризоналық сенатор Джон Маккейн АҚШ-тағы беделді саясаткерлердің бірі. Ол 1982 жылдан бері Өкілдер палатасының мүшесі, кейіннен сенатор болған.

Маккейн 25 тамыз күні 81 жасында көз жұмды. Бір жыл көлемінде ол қатерлі ісікпен күрескен еді.

Саясаткер Мәскеуге қарсы позиция ұстанған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel