RU
Ердоған доллардан мүлде бас тартуды ұсынды
Жаңалықтар Әлемде

Ердоған доллардан мүлде бас тартуды ұсынды

Рассказать Вконтакте

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған "халықаралық саудаға қиындықтар тудыратын" доллардан мүлде бас таруды ұсынды. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Комсомольская правда» басылымына сілтеме жасап жазады.

Реджеп Ердоған. Фото: just-foryou.ru

Реджеп Ердоған. Фото: just-foryou.ru

Ол бұл ұсынысты Қырғызстандағы бизнес-форум кезінде жасаған.

"Долларға халықаралық сауданы байланысты ету күн санап қиындықтар тудыруда. Доллардың үстемдік етуін доғару керек", - дейді Ердоған.

Оның айтуынша, сауда соғыстары мен мемлекеттердің саясаты шетелдік сауда өндірушілерінің ішкі нарыққа өз тауарын енгізуіне мүмкіндік бермей, ақыры өзге шараларды қолдануға мәжбүрлейді.

Айта кетсек, тамыз айында АҚШ пен Түркия қарым-қатынасындағы текетірестер лираның құнсыздануына әкеліп соқтырған болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel