RU
Дана Нұржігіт баласын Қайрат Нұртастың ұлы оқитын сыныпқа берген (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Дана Нұржігіт баласын Қайрат Нұртастың ұлы оқитын сыныпқа берген (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық атақты тележүргізуші Дана Нұржігіт жалғыз ұлы Әлімді жаңа мектепке ауыстырғанын айтып, көпшілікті оқу жылының басталуымен құттықтады. Желі қолданушылары болса журналист бөліскен суреттен Қайрат Нұртастың ұлы Нарұлды аңғарып қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Ұлы алғаш табалдырығын аттаған мектептің алыстығын жазған Дана Нұржігіт таңғы бесте тұрып шаршағанын жасырмады.

Оған қоса, тележүргізуші баласы Әлімнің қызығушылығы тек музыкамен шектелмейтінін аңғарыпты.

Сол үшін көп ұзатпай, музыканы ғана емес, жан-жақты дамытатын "Халықаралық мектепке" беруді жөн санаған.

"Үйдің қасындағы "Халықаралық мектеп" ойымыздан шықты. Үміт зор. Сол үміттер ақталсын! Ал, оқу жылы құтты болсын, ата-аналар! Сабырлық серігіміз болып, Аллам баламыздың зейінін ашсын!", - деп жазады Дана ханым.

Тілшінің оқырмандары болса алғыр да зерек болып өсіп келе жатқан Әлімге сәттілік тілеп, ақ ниеттерін білдірді.

Сондай-ақ, олар Дананың тұңғышы мен Қайрат Нұртастың ұлы бір сыныпта оқитынын байқап қалған.

"Қайраттың да баласы тұр ғой алдында, сабақтарын жақсы оқысын", "Нарұл екеуі қатар оқиды екен", "Қайрат Нұртастың баласымен сыныптас па?", - деп жазды желі қолданушылары.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
1
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel