RU
Олар өлген жоқ: Тірідей жанып кеткен өзбек азаматтарының туыстары Ақтөбеге келді
Жаңалықтар Қоғам

Олар өлген жоқ: Тірідей жанып кеткен өзбек азаматтарының туыстары Ақтөбеге келді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облыстық мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында 52 адам жанып кеткен автобус ісіне қатысты сот отырысы басталды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Vesti.UZ

Фото: Vesti.UZ

Сотқа қаза тапқандардың туыстары да келген. Олар қазақ тілінде өтіп жатқан сот отырысын түсінбейтіндерін айтып, өз шағымдарын айтты.

"Мен ел асып, ұлым мен немеремді іздеп келіп отырмын. Олардың өлгеніне сенбеймін. Осында оларды көреміз деп келдік. Телефондары жұмыс жасап тұр. Мына жерде екі баласынан айрылған ана отыр. Біздің қайғымызды түсініңіздер. Біз соттың тілін түсініп жатқанымыз жоқ. Бізге тілші керек",-деді сот залында сөз алған жәбірленушінің анасы.

Ақтөбеде өтіп жатқан сот отырысына қатысу үшін Өзбекстаннан 11 адам келген.

"Ташкентке дейін пойызбен, ал Ақтөбе қаласына дейін екі күн автобуспен жүріп келдік. Тұңғышымның іздеушісімін. Төрт балам бар. Үлкен ұлым Уғли 19 жасында қаза болды. Жүрегім қан жылайды. Мен сот отырысының тілін түсінбей қиналып отырмын. Балам тірі сияқты", - дейді Мұхаммаддин Хусниддинов.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
1
21
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel