RU

Қызғаншақ әйел көңілдес тауып алған күйеуін улап өлтірді

Оңтүстік Каролинада көзіне шөп салған күйеуін қасақана өлтірген әйел қамауға алынды. Ол жұбайын күн сайын көзге тамызатын дәрімен улап отырған. Бұл туралы Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ жазады.

Ерлі-зайыпты. Көрнекі фото: espanarusa.com
Ерлі-зайыпты. Көрнекі фото: espanarusa.com: UGC

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 64 жастағы Стивен Клейтон өз үйінде өлі күйінде табылған.

Алғашында ер адам баспалдақтан құлап түсті деген болжам жасалыпты.

Алайда кейін оның ағзасы химикатқа толып қалғаны анықталды.

Белгілі болғандай, оны әйелі Лана Клейтон үш күн бойы дәрімен улап келген.

Күйеуінің көңілдес тауып алғанына ашуланған Лана оның суына көзге тамызатын дәріні қосып отырыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1750540-kyzgansak-jel-kildes-tauyp-algan-kjeuin-ulap-ltirdi.html