RU
Тұрғындардың көшені кесіп өтуіне көмектесіп жүрген шымкенттік қария жұртты тәнті етті
Жаңалықтар Қоғам

Тұрғындардың көшені кесіп өтуіне көмектесіп жүрген шымкенттік қария жұртты тәнті етті

Рассказать Вконтакте

Шымкентте 76 жастағы қария күнде Сайрамский көшесінің жаяу жүргіншілеріне жолды кесіп өтуге көмектесіп жүреді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Instagram желісінің Zynkala.kz парақшасында жарияланған видеода қарияның жаяу жүргіншілер жолағы маңында форма киіп тұрғанын байқауға болады.

"Бұл жерде жүк көліктері жиі өтетіндіктен, жол-көлік қозғалысы қауіпті. Сол себепті, қария жол тәртібін күнде бақылауды ұйғарған. Полицей фуражкасы мен жилет жүргізушілерге жақсы әсер етеді. Олар жаяу жүргіншілер жолағында тежегішті басуды ұмытпайды", - дейді видео авторы.

Видеода қария бұл әрекеті үшін көк тиын алмаса да, көпшілікке көмек тигізгенді ұнататынын алға тартқан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel