RU
"Періште" күйінде ән салған Жазира Байырбекова көпшілікті тәнті етті (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Періште" күйінде ән салған Жазира Байырбекова көпшілікті тәнті етті (видео)

Рассказать Вконтакте

Жұбайы Жанболатпен бірге дуэт құрып, жұлдызды жұп атанып жүрген Жазира Байырбекова желіге ерекше видео жүктеп, жанкүйерлерін сүйсіндірді. Періштенің қанатын тағып ән салған әнші тыңдарман қауымды тәнті етті деп хабарлайды NUR.KZ.

Той-томалақтар мен іс-шараларда өнер көрсететін бишілердің еңбегін елеп-ескерген Жазира оларға алғысын білдіріп, жазба жариялаған.

"Бір мерекеге қаншама заттарын арқалап келіп, киім ауыстырып, xалық алдында керемет өнер көрсетеді. Әрбір мерекенің сәнін келтіреді.

Олардың бойында Алладан берілген талант бар. Кез келген адам бұлай билей аймайды.

Күнде еңбектерін өз көзіммен көріп жүрген соң еліміздегі бишілерге үлкен алғыс айтқым келеді!", - деп жазады әнші желідегі парақшасында.

Сондай-ақ, ол видеода бишілердің сахналық костюмін көрсетіп қана қоймай, "Гәкку" әнін шырқайды.

Роликті тамашалаған Жазираның жазылушылары өз пікірлерін жарыса жазды.

"Саған періштенің қанаты үйлеседі", " Сыңғырлаған даусыңыз керемет", "Осыншама нəзіктікті, жылулықты қөзайым қылып жүрген сізге біздерде тілеулеспіз", - деп сүйсінді желі қолданушылары.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
1
1
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel