RU
Оқушы балақаймен жерге жата қалып суретке түскен Сапарбаевқа ел сүйсінді (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Оқушы балақаймен жерге жата қалып суретке түскен Сапарбаевқа ел сүйсінді (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жасөспіріммен жерге жатқан бойда суретке түсіп, көптің ыстық ықыласына бөленді. Желі қолданушылары облыс әкімінің қарапайымдылығына тәнті болған деп жазады NUR.KZ.

Фото: Instagram

Фото: Instagram

Облыс басшысының ерекше суреті желі қолданушыларының бірінің Instagram парақшасында пайда болған.

"Исаконның әңгімесінен: Әкім мені жерге құлатып жіберді. Өзі де жерге жатып алды. "Кел екеуміз бірге жатамыз" деді. Атымды, сабағымды сұрады. Жауап бердім. Менен басқа балалар да әкімнің қасына жинала қалды. Бәріміз суретке түстік" деп жазған автор.

Желі қолданушылары облыс басшысының қарапайымдылығына тәнті болған. Олар "Осы кісіні жақсы көремін, қарапайым, керемет бір жылулық сезіледі", "Неткен тамаша адам" деген пікірлерін жаудырып жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
1
0
0
1
36
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel