RU
Алматыда автобус жүргізушісі жолаушы қызды жылатып қойды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда автобус жүргізушісі жолаушы қызды жылатып қойды (видео)

Рассказать Вконтакте

Редакциямызға хабарласқан NUR.KZ оқырманы өзінің басынан өткен оқиғасымен бөлісті. Оның айтуынша, автобус жүргізушісі оған ақшасын қайтармай, беруге тиіс болған 70 теңгені өзіне алып қалған.

Фото: Скриншот

Фото: Скриншот

Бойжеткен таңертен №80 автобусқа мініп, жұмысқа қарай бет алған.

Көлік ішінде ұялы телефонмен төлеу үшін арналған нөмір бар жазба болмаған.

"Мен жүргізушіден автобус нөмірін сұрағанымда, ол маған 80 теңгені өзіне-ақ төлей алатынымды айтты. Мен оған 500 теңге бергенімде, ол маған 420 теңгенің орнына 350 қайтарды. Мен қалған ақшамды беруді талап еткенімде, ол маған жетіспей тұрған сомманы қайтарудан бас тартты. Мен жұмысқа баруым керек болғандықтан, шыдамай жылап жібердім", - деп айтты оқырман.

Видео авторы оқиға куәгері болған жолаушылардың бірі өзіне көмектеспегенін де жеткізді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
1
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel